Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 10.12.2014 № С-35/4 (қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудан әкімінің денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарының қажеттілігін хабарлауын ескере отырып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шортанды ауданына жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары:
1) жетпіс айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдем ақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе тұрғын үй құрылысы үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түрінде ұсынылсын.
2. Аудандық мәслихаттың 2012 жылдың 12 сәуіріндегі № С-4/4 «Шортанды ауданына жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» (нормативтік құқықтық кесімдері мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-18-156 болып тіркелген, 2012 жылдың 19 мамырында аудандық № 19 «Вести» газетінде және 2012 жылдың 19 мамырында аудандық № 19 «Өрлеу» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
сессия төрайымы А.Коровина
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Г.Скирда
«КЕЛІСІЛДІ»
Аудан әкімі С.Қамзебаев