2012 жылға Бурабай ауданында халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы № А-2/54 қаулысы. Ақмола облысы Бурабай ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 9 ақпанда № 1-19-219 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 01-10-188 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 07.03.2013 № 01-10-188 хатымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2 тармақшасына сәйкес, Бурабай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2012 жылға Бурабай ауданында халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан астам);
      2) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Б.Нұрпановаға жүктелсiн.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай ауданының әкімі                    В.Балахонцев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады