Бурабай ауданы бойынша 2012 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрі бойынша егіс жүргізудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 4 мамырдағы № А-5/245 қаулысы. Ақмола облысы Бурабай ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 8 мамырда № 1-19-230 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 01-10-188 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 07.03.2013 № 01-10-188 хатымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасына сәйкес, «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 315 қорытындысы негізінде, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бурабай ауданы бойынша 2012 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің ұсыну мерзімдері және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрі бойынша егіс жүргізудің оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.С. Каменовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай ауданының әкімі                    В.Балахонцев

Бурабай ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 4 мамырдағы
№ А-5/245 қаулысына
қосымша

Бурабай ауданы бойынша 2012 жылға арналған
субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің
ұсыну мерзімдері және субсидияланатын ауыл
шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрі
бойынша егіс жүргізудің оңтайлы мерзімдері


р/с

Субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының атауы

Ауыл шаруашылық дақылдарының оңтайлы себу мерзімдері

Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің ұсыну мерзімдері

1

Орташа кеш жаздық бидай

12 мамырдан 27 мамырға дейін

16 маусымға дейін

2

Орташа піскен жаздық бидай

14 мамырдан 30 мамырға дейін

16 маусымға дейін

3

Орташа ерте жаздық бидай

18 мамырдан 2 маусымға дейін

16 маусымға дейін

4

Жаздық арпа

27 мамырдан 5 маусымға дейін

16 маусымға дейін

5

Сұлы

27 мамырдан 5 маусымға дейін

16 маусымға дейін

6

Қарақұмық

25 мамырдан 5 маусымға дейін

16 маусымға дейін

7

Бұршақ

15 мамырдан 22 мамырға дейін

16 маусымға дейін

8

Зығыр

15 мамырдан 30 мамырға дейін

16 маусымға дейін

9

Рапс

12 мамырдан 23 мамырға дейін

16 маусымға дейін

10

Қыша

12 мамырдан 23 мамырға дейін

16 маусымға дейін

11

Күнбағыс

10 мамырдан 20 мамырға дейін

16 маусымға дейін

12

Бір жылдық шөптер

20 мамырдан 30 мамырға дейін

16 маусымға дейін

13

Картоп

10 мамырдан 25 мамырға дейін

16 маусымға дейін

14

Көкөністер

10 мамырдан 15 маусымға дейін

16 маусымға дейін

15

Сүрлемге жүгері

18 мамырдан 25 мамырға дейін

16 маусымға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады