Бурабай ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № А-7/344 қаулысы. Ақмола облысы Бурабай ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 25 шілдеде № 1-19-235 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № а-11/755 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 21.11.2014 № а-11/755 (ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткенде қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Бурабай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Бурабай ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
      2. «Бурабай ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Бурабай ауданы әкімдігінің 2011 жылдың 8 шілдедегі № А-7/302 қаулысы күшін жойды деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1-19-202 нөмірмен тіркелген, аудандық «Луч» газетінің 2011 жылғы 28 шілдедегі 60 нөмірінде, аудандық «Бурабай» газетінің 2011 жылғы 28 шілдедегі 32 нөмірінде жарияланған).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Б.Нұрпановаға жүктелсiн.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай ауданының әкімі                    Ә.Ғазиз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады