Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2012.06.26 № А-7/344 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, Бурабай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Бурабай ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота, жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
М.Б.Нұрпановаға жүктелсiн.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бурабай ауданының әкiмi В.Балахонцев