Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ақтоғай ауылдық округінде Ақтан батыр атындағы ауылды құру туралы

Жаңартылған

Бірлескен Ақтөбе облыстық мәслихатының 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 22 шешімі және Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 132 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 3 мамырда № 3393 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбында және 1 тармақта "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.05.2017 № 185 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, 27-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 3), 4) тармақшаларына сәйкес, тұрғындардың пікірін, Шалқар ауданының мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ақтоғай ауылдық округінде Ақтан батыр атындағы ауыл қоса беріліп отырған схемалық картаға сәйкес құрылсын.

      2. Осы әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Нұрқатоваға жүктелсін.

      3. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А.МҰХАМБЕТОВ
      Облыстық
мәслихаттың хатшысы
С.ҚАЛДЫҒҰЛОВА
      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Қ.ЕЛУБАЕВ

      РҚАО ескерту. Схемалық картаны қағаз мәтінінен қараңыз.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады