2012 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 209 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 22 маусымда № 3401 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы әкімінің аппаратының 2014 жылғы 9 қаңтардағы № 14-5/53 хаты).

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы әкімінің аппаратының 09.01.2014 № 14-5/53 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағы 5-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 "Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған "Балапан" бағдарламасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының 1, 2, 3 - қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

      2. Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері осы қаулыдан туындайтын тиісті шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ. Нұрқатоваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі

А. Мұхамбетов


  Облыс әкімдігінің
2012 жылғы 7 маусымдағы
№ 209 қаулысына
1-қосымша

2012 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Аудандар атауы

Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен мектепке дейінгі ұйымдарға орналастырылатын балалар саны (адам)

1

Алға

50

2

Әйтеке би


3

Байғанин

75

4

Ырғыз


5

Қарғалы


6

Қобда

100

7

Мәртөк


8

Мұғалжар

405

9

Темір

140

10

Ойыл

25

11

Хромтау

280

12

Шалқар

150

13

Ақтөбе қ.

1687


Барлығы

2912

  Облыс әкімдігінің
2012 жылғы 7 маусымдағы
№ 209 қаулысына
2-қосымша

2012 жылы бір айдағы жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі

Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдар

Балабақшалар (бөбек балабақша, орталықтар)

шағын орталықтар

балалар жарты күн болатын

балалар толық күн болатын

орналасқан:

Қалалық жерде

Ауылдық жерде

Қалалық жерде

Ауылдық жерде

Қалалық жерде

Ауылдық жерде

20000

23736

5321

6648

11188

13915

экологиялық апат аумақтарында тұрғаны үшін коэффицентін есепке алғанда 1,2

23833

28050

6464

7994

13548

16522

экологиялық апат аумақтарында тұрғаны үшін коэффицентін есепке алғанда 1,5

28237

33035

7708

9457

16116

19474

  Облыс әкімдігінің
2012 жылғы 7 маусымдағы
№ 209 қаулысына
3-қосымша

2012 жылы 1 тәрбиеленушіге күніне ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мектепке дейiнгi ұйымда баланы ұстау ақысының мөлшері

(теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдар

Балабақша (бөбек- балабақшалар, орталықтар)

Балалар толық күн болатын мектепке дейінгі шағын орталықтар

ұйымдарда болу ұзақтығымен

9-10,5 сағат

12 сағат

400

420

400


      Ескертпе: 1 тәрбиеленушіге бір күнге ата-ананың ақы төлеу мөлшері 420 теңгеден артық емес

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады