Ақтөбе облысының кейбір елді мекендерін тарату туралы

Жаңа

Бірлескен Ақтөбе облыстық мәслихатының 2012 жылғы 17 қазандағы № 69 шешімі және Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 17 қазандағы № 349 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 7 қарашада № 3427 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес және Алға, Мәртөк, Ойыл, Қобда және Хромтау аудандарының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, Ақтөбе облысының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТІ:
      1. Тұрақты халқының саны елу адамнан аспайтын немесе тұрғындарының бәрі кетіп қалған (қоныс аударған), келесідей:
      Алға ауданы бойынша:
      Ақай селолық округінің Бұлақсай,
      Бесқоспа селолық округінің Темрей;

      Мәртөк ауданы бойынша:
      Жайсаң селолық округінің Қазақстан, Қозы,
      Қарашай селолық округінің Жоса, Қиялы,
      Родников селолық округінің Бөрте, Бұтақ, Ақбұлақ, Сынтас,
      Құрмансай ауылдық округінің Қарағансай,
      Тәңірберген ауылдық округінің Ақсу,
      Байнасай ауылдық округінің Горноводск,
      Хазрет селолық округінің Қия,
      Хлебодаров селолық округінің 37 разъезд;

      Ойыл ауданы бойынша:
      Қараой селолық округінің Жақсыкөл;

      Қобда ауданы бойынша:
      Ақыраб ауылдық округінің Қарабұлақ,
      Білтабанов атындағы ауылдық округтің Қазақай,
      Бестау ауылдық округінің Қаратал,
      Жаңаталап ауылдық округінің Жайылма,
      Жарық ауылдық округінің Ащығара,
      Жиренқопа ауылдық округінің Тентекқара;

      Хромтау ауданы бойынша:
      Аққұдық селолық округінің Қарасу,
      Қопа селолық округінің Амангелді,
      Қызылсу селолық округінің Еңбекшіқазақ,
      Көктау селолық округінің Көшенсай,
      Тасөткел селолық округінің Үйтас ауылдары (селолары) таратылсын.
      2. Алға, Мартөк, Ойыл, Қобда және Хромтау аудандарының әкімдері таратылған ауылдардың жерлерін одан әрі пайдалануға байланысты мәселелерді шешу үшін шаралар қабылдасын.
      3. «Ақтөбе облысының статистика басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің есептік деректеріне тиісті өзгерістер енгізсін.
      4. «Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі жер-кадастр құжаттамаларын облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысында жасалған өзгерістермен сәйкестендірсін.
      5. Осы әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
      6. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                          А. МҰХАМБЕТОВ

          Облыстық
    мәслихаттың хатшысы                   С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

    Облыстық мәслихаттың
      сессия төрағасы                     Қ. ТОҚТАРОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады