"Қызметі эпизодикалық сипаттағы жеке тұлғаларды қосқанда Ақтөбе қаласының базарларында тауарлар сататындар үшін бір жолғы талондар бағасын белгілеу туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 127 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2012 жылғы 3 ақпандағы № 13 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 ақпанда № 3-1-166 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 қаңтардағы № 114 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2013.01.24 № 114 Шешімімен.

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV Заңының 36 бабының 6 тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Қызметi эпизодикалық сипаттағы жеке тұлғаларды қосқанда Ақтөбе қаласының базарларында тауарлар сататындар үшiн бiр жолғы талондар бағасын белгiлеу туралы» Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 127 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 23 ақпанында № 3-1-104 санымен тіркелген, 2009 жылғы 3 наурыздағы № 28 «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) шешiмiне келесі өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген шешімнің № 1 қосымшасындағы:
      2, 8 және 16 жолдары алып тасталсын.
      2. Шешімнің орындалуын бақылау «Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасы» ММ бастығы Б.А. Танабергеновке жүктелсін.
      3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

            Ақтөбе қалалық                  Ақтөбе қалалық
      мәслихатының сессия төрағасы       мәслихатының хатшысы

             А. Мырзалин                     С. Шынтасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады