Қарауылкелді ауылдық округі құрамдас бөліктеріне (қыстақтарға) атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округінің әкімінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 35 шешімі. Ақтөбе облысы Байғанин аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 23 сәуірде № 3-4-148 тіркелді

     Ескерту. Шешімнің орыс тілдегі атауында және бүкіл мәтін бойынша «аульного» деген сөзі тиісінше «сельского» деген сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 17.11.2014 № 162 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4) тармақшасына және халықтың пікірін ескере отырып, Қарауылкелді ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарауылкелді ауылдық округінің құрамдас бөліктеріне (қыстақтарға) келесі атаулар берілсін:
      1) Дауыл
      2) Қопа
      3) Жаңабаз-1
      4) Көне Қосарал
      5) Құлақши
      6) Жұрынбай
      7) Сағыз
      8) Күйгенкөл
      9) Қарашқазған
      10) Ақшағала
      11) Сарытөбе
      12) Көлтабан
      13) Көпір
      14) Почта
      15) Қуырдақты
      16) Жаңабаз
      17) Тоқтар
      18) Шұбарқұдық
      19) Тірітам-1
      20) Тірітам-2
      21) Қарағанды-2
      22) 142 разъезд
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қарауылкелді ауылдық
      округі әкімі:

Е. Қалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады