Қарауылкелді ауылдық округінің әкімінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 35 "Қарауылкелді ауылдық округі құрамдас бөліктеріне (қыстақтарға) атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 162 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 қарашада № 4086 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі №121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Қарауылкелді ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қарауылкелді ауылдық округінің әкімінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі №35 «Қарауылкелді ауылдық округі құрамдас бөліктеріне (қыстақтарға) атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-4-148 санымен тіркелген, 2012 жылғы 17 мамырда «Жем-Сағыз» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі атауы мен бүкіл мәтіні бойынша «аульного» сөзі тиісінше «сельского» сөзімен ауыстырылсын, мемлекеттік тіліндегі атауы мен мәтіні өзгермейді.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Ауылдық округі әкімі

Е.Калиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады