Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2012.08.07 № 8 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес және Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық–санитариялық инспекторының 2012 жылғы 3 мамырдағы № 17-02/109 ұсынысының негізінде Нұра селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Нұра селолық округі Нұра селосында иттердің құтыру ошағы анықталуына байланысты карантиндік режим және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау селолық округ әкімі аппаратының бас маманы Н. Бөлековке жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұра селолық
округінің әкімі С. ҰЗАҚОВ