Қарғалы ауданы бойынша мемлекеттік жалдау үйлеріне жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 55 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 25 сәуірде № 3-6-137 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 28 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 2013.02.25 № 28 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына және Қазақстан Республикасының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы және құрылыс істері жөніндегі Агенттігінің 2011 жылдың 26 тамыздағы № 306 «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйлерді пайдаланғаны үшін ақысын есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарғалы ауданындағы мемлекеттік тұрғын үй қорындағы жалға берілетін үйлерден алынатын жалдау ақысының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.А.Аманжоловқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                 А. Сағиев

Аудан әкімдігінің
2012 жылғы 27.03
№ 55 қаулысына
ҚОСЫМША

Қарғалы ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға
берілген үйдегі үй-жайды пайдаланғаны үшін белгіленген ай
сайынғы жалдау ақы мөлшері

Мемлекеттік жалдау үйлерінде тұрғаны үшін алынатын жалдау ақы есебінде келесі көрсеткіштер қолданалады:
      2011 жылы салынған 1 үйдің сметалық құны     -4996795тг
      Ц-2011 жылғы салынған тұрғын үйдің
      1 шаршы метрінің құны                        -70000 тг
      Е-Тұрғын үйдің жалпы аумағы                  -75ш.м.
      Т-Ғимараттың есептік пайдалану мерзімі       -100 жыл
      Г-2011 жылы салынған тұрғын үйдің бір жылға
      1 шаршы метрін пайдаланудын, күрделі және
      ағымдағы жөндеудің шығын сомасы              -49968тг
      Р-тұрғын үйді күтіп-ұстауға қажетті төлемдер
      сомасы (айына1 шаршы метр үшін теңге)
      А-үй-жайды пайдаланғаны үшін жалдау ақы мөлшері
      (айына1 шаршы метр үшін теңге)
      Есептеу формуласы:
      2011 жылы салынған жалға берілетін үйлер үшін:
      Р=Г: 12: Е
      Р=49968:12:75=55,52 тг
      А=Ц:Т:12+Р
      А=70000:100:12+55,52=113,9~114тг
      1 айына 1 шаршы мертрінің жалдау ақысының мөлшері-114 тенге.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады