Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 27.06.2013 № 123 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2013 жылы Қарғалы ауданының ауылдық елдi мекендерінде тұратын және жұмыс істейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдары мамандарына отын сатып алу үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
2. «Аудандық экономика, бюджетті жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмектің берілуіне қажетті қаражатты қарастырсын.
3. «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы шешімнің орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
Н. Смолинец Х. Жылқыбеков