Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөздері "ауылдық" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Әлімбет ауылдық округінің әкімінің 24.03.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес және тұрғындардың пікірін ескере отырып, Әлімбет ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Әлімбет ауылдық округінің Әлімбет ауылының көшелеріне төмендегі атаулар берілсін:
Қазақстан көшесі;
Абай көшесі;
Теміржолшылар көшесі.
2. Әлімбет ауылдық округінің Шандыаша ауылының көшесіне "Орталық" атауы берілсін.
3. Әлімбет ауылдық округінің Қызылсай ауылының көшесіне "Орталық" атауы берілсін.
4. Әлімбет ауылдық округінің Богенбай ауылының көшесіне "Орталық" атауы берілсін.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әлімбет ауылдық | |
округі әкімінің м.а. | Н. Әбдірахманова |