Темір ауданының мемлекеттік жалдау үйлерінде жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 9 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 6 ақпанда № 3-10-159 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 10 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2013.01.14 № 10 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 1 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Темір ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін үйдегі үй-жайды пайдаланғаны үшін ай сайынғы жалдау ақы мөлшері, 1 шаршы метрге жалдау ақысынан есеп айырысудан шығып, қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Нұрғалиевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі                                   Б. Қаниев

Аудан әкімдігінің
2012 жылғы 23 қаңтардағы
№ 9 қаулысына
қосымша

Темір ауданының
мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілген
үйдегі үй-жайды пайдаланғаны үшін белгіленген
ай сайынғы жалдау ақы мөлшері

      Мемлекеттік жалдау үйлерінде тұрғаны үшін алынатын жалдау ақы есебінде келесі көрсеткіштер қолданылады:
      2011 жылы салынған 1 үйдін сметалық құны   - 4034111 тг
      Ц - 2011 жылғы салынған тұрғын үйдін 1 шаршы
метрінің құны                                      - 70000 тг
      Е – Тұрғын үйдің жалпы аумағы                  - 75 ш.м
      Т - Ғимараттың есептік пайдалану мерзімі      - 100 жыл
      Г- 2011 жылы салынған тұрғын үйдің бір жылға
      1 шаршы метрін пайдаланудың, күрделі және
ағымдағы жөндеудің шығын сомасы                     - 40341тг
      Р — тұрғын үйді күтіп-ұстауға қажетті
төлемдер сомасы (айына 1 шаршы метр үшін теңге)
      А – үй-жайды пайдаланғаны үшін жалдау ақы
мөлшері (айына 1 шаршы метр үшін теңге)
      Есептеу формуласы:
      2011 жылы салынған жалға берілетін үйлер үшін:
      Р = Г: 12: Е
      Р = 40341:12: 75 = 44,8 тг.
      А = Ц: Т: 12 + Р
      А = 70000: 100: 12 + 44,8 = 103,1 тг.
      1 айына 1 шаршы метрінің жалдау
ақысының мөлшері                          – 103 теңге 10 тиын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады