Ескерту. Орындау мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2013.01.10 № 04-2/62 Хатымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес Темір ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Темір ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 66 «2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-163 тіркелген, 2012 жылы 27 сәуірде № 18 аудандық «Темір» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
қосымшадағы «Қуанов Еркін Төреханұлы» деген сөздер «Төлеуов Асхат Сегізбайұлы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Қалауовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Қаниев