Алтықарасу ауылдық округінің құрамды бөліктерін атау туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 6 шешімі. Ақтөбе облысы Темір аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 3 ақпанда № 3-10-158 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтін бойынша "селолық" сөздері "ауылдық" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 27.09.2016 № 18 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының Әкімшілік – аумақтық құрылыс туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және Алтықарасу ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып, әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Алтықарасу ауылдық округінің құрамды бөліктеріне (қыстауларына) мына атаулар берілсін:

1) Тасқабақ;
9) Мәрі;
2) Басбақбаз;
10) Шығырлы;
3) Құмды;
11) Қалмағанбет;
4) Шолаққарағанды;
12) Күйгенбаз;
5) Қалмен;
13) Шифербаз;
6) Ботақан;
14) Таскемер;
7) Есенбай;
15) Ақбаз.
8) Ақтоғай;
 

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алтықарасу ауылдық округінің әкімі Е. Төлеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады