"Алтықарасу селолық округінің құрамды бөліктерін атау туралы" 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 18 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 қазанда № 5104 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Респуликасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес Алтықарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 6 мемлекеттік тіліндегі "Алтықарасу селолық округінің құрамды бөліктерін атау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-10-158 болып тіркелген, 2012 жылғы 16 ақпанда "Темір" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөздері "ауылдық" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алтықарасу ауылдық округінің әкімі М. Шуиншалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады