Ақсай селолық округінің "Ақтас" мал базында ірі қара мал басы арасынан құтыру ауруы шығуына байланысты шектеу іс шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай селолық округі әкімінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Темір аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 10 ақпанда № 3-10-160 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай селолық округі әкімінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай селолық округі әкімінің 2012.03.07 № 4 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Темір аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2011 жылғы 23 қарашадағы № 06-18-643 ұсынысына сәйкес Ақсай селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақсай селолық округінің аумағында орналасқан «Ақтас» базында ірі қара малдары арасынан құтыру ауруының тіркелуіне байланысты шектеу іс шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
      2. Ақсай селолық округінің дәрігері аурудың таралмауын және оны жоюдың шараларын алсын:
      1) Құтыру ауруына қарсы екпе жұмыстары жүргізілсін, құтырма ауруымен ауырған жануарлар, және оған күдіктілердің болған жерлері, жануарларды күтуге қажетті саймандар заласыздандырылсын;
      2) «Ақтас» мал базында ірі қара малды және қойды, жылқы, түйені сою, сату, мал айырбастау, жем шөпті және басқа мал азығын сыртқа шығару уақытша тоқтатылсын.
      3. «Темір аудандық ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) ауыл шаруашылығы малдарының орын ауыстыруына бақылауды күшейту ұсынылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсай селолық округінің әкімі А. Әмірге жүктелсін.
      5. Осы шешім алғаш жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсай селолық
     округінің әкімі                                  А. Әмір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады