Ойыл ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 46 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 4 сәуірде № 3-11-108 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімдігінің 2012.09.04 № 181 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-5, 5-6 тармақшаларына сәйкес, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Ауданның кәсiпорындарында және ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан 0,3 пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгiленсiн.
      2. «Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А. Қазыбаевқа жүктелсiн.
      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы:                      Ш.Тлеумағанбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады