Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 54 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 4 сәуірде № 3-11-109 тіркелді. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 4 қаулысымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімдігінің 2013.01.14 № 4 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5 тармақшасына және 20 бабына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ойыл ауданы бойынша жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін ұйымдардың тiзбелерi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi, нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. «Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулының жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Қазыбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі:                              А.Амиргалиев

Ойыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы
26 наурыздағы № 54 қаулысына
қосымша

Қоғамдық жұмыстың түрлері мен көлемі, оларды қаржыландыру көздерi және қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізімі

Рет саны

Мекемелер атауы

Қоғамдық жұмыстардын түрлері /жобалары/

Шарт бойынша жұмыстар
дың көлемі, 1 адамға /болжам/ /теңге/

Жоспар бойынша

Қаржыланды
ру көздері

Жұмыс орын саны, адам

Қаралған қаражат, мың теңге

1

2

3

4

5

6

7

1

Селолық округтер:

Коптоғай
Қайынды
Сарбие
Қараой
Саралжын
Ойыл
Ш. Берсиев атындағы

«Құрылыс бригадасы», «Жолдар», «Көркейту», «Туған өлке», «Санақ», «Мейірбан медбике», «Эколог», «Суға батушыны құтқарушы», «Сарбаздар», «Іс шаралар өткізуге септесу», «Ауыл шаруашылығы жұмыстары», «Жады»

17439

185

11015,0

Жергілікті бюджет

2

«Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

«Санақ »,

«Кеңесші»

17439

6

314,0

Жергілікті бюджет

3

«Ойыл ауданы қорғаныс істер бөлімі» ММ

«Санақ »

17439

9

471,0

Жергілікті бюджет



Барлығы


200

11800,0


      Қоғамдық жұмыстардын түрлері
      1.«Құрылыс бригадасы»
      Су, газ, кәріз құбырларын және басқа коммуникация жүйелерін төсеу және жөндеу, мектеп, балабақша, аурухана және басқада бюджеттік сала объектілерін жөндеу. Құрылыс аяқталмаған, жартылай қираған ғимараттарды қалпына келтіру мәселелерін шешу.
      2.«Жолдар»
      Жаңа жолдарды төсеу және қолданыстағы жолдарды және жол жиектерін, тротуарларды шөптен тазартуға, жөндеуге, жолға төселген материалдарды бекітуге, ұзақ жолға жүретін қоғамдық көліктің тұрағын көркейтуге көмек көрсету.
      3.«Көркейту»
      Аулаларды, гүлзарларды, парктерді, елді мекендерді көркейту. Екпе ағаштарды отырғызу және күту, гүлзарларды отырғызу, парктерді бөлу. Балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын ұйымдастыру.
      4.«Туған өлке»
      Орман алқабын тазалау, бұлақтарды, құдықтарды тазарту, отын дайындау. Көпшіліктің шомылуына пайдаланатын өзендер мен су қоймаларының жағалауларын қоршау.
      5.«Ауыл шаруашылығы жұмыстары»
      Ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруге және жинауға маусымдық көмек көрсету (көкөніс және бақша дақылдары). Қоғамдық тамақтандыру блогы бар әлеуметтік сала объектілері үшін мал бордақылау, малды жемдеу, жас малды өсіру, маусымдық., малдарды жемдеу үшін қысқа мерзімдік алаңдар дайындау. Малдарды идентификациялау.
      6.«Тәлімбақ»
      Ағаштардың көшеттерін өсіру, гүлдердің көшеттерін аумақтарды жасыл желектендіру және абаттандыру кезінде одан әрі пайдалану мақсатында өсіру.
      7.«Санақ»
      Республикалық, аймақтық науқандарды (түрлі санақтар, әскерге шақыру, зейнетақы және жәрдемақыларды қайта есептеуге көмектесу, халыққа қызмет көрсету орталығында көмек беру) ұйымдастыруға қатысу және салықтарды жинауға көмектесу.
      8.«Іс шаралар өткізуге жәрдем»
      Мәдени мақсаттағы іс- шараларды (спорттық жарыстар, халықтық мерекелер) ұйымдастыру кезінде көмек көрсету.
      9.«Жады»
      Тарихи – сәулеттік ескерткіштерді, қорықтық аймақтарды қалпына келтіру, оларды күзету және күту. Молаларды, бауырластар зираттарын абаттандыру, тазалау және күзету.
      10.«Кітапқа – екінші өмір»
      Оқушыларды қажетті мөлшерде оқулықтармен қамтамасыз ету. Аудандардағы мектептердің кітапханаларындағы, көпшілікке арналған кітапханалардағы кітап қорларын қалпына келтіру. Жоба шеңберінде кітаптардың жекелеген беттері мен мұқабаларын алмастырып, мұрағат құжаттарын қалпына келтіру.
      11.«Мейірбан медбике»
      Денсаулық сақтау мекемелері мен үйде ауру және қарт адамдарды күту.
      12.«Тігінші»
      Ауруханаларда, мектептер мен мектеп – интернаттарда, бала бақшаларда, еңбекпен түзеу мекемелерінде, әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерінде төсек-орын және киім –кешектерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу.
      13.«Эколог»
      Тұрмыстық, қатты-тұрмыстық қалдықтарды жою және жоюды ұйымдастыруға көмектесу.
      14.«Кеңесші»
      Аз қамтылған азаматтарға әртүрлі құқықтық мәселелер бойынша ақысыз кеңес қызметтерін көрсету.
      15.«Сарбаздар»
      Қоғамдық тәртіпті сақтау. Селоларда және елді мекендерде қоғамдық тәртібін сақтау бойынша көмек көрсету.
      16.«Суға батушыны құтқарушы»
      Суға батқандарды құтқару және Суға түсуге арналған арнайы орындарда балалардың және басқа адамдардың суға түсуін бақылау.
      Қоғамдық жұмыстардың нақты шарттары
      Жұмыс аптасы 5 күн, екі демалыс күндерін құрайды, 8 сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат. Еңбек ақысы еңбек табелінде көрсетілген нақты жұмыс уақытына байланысты жұмыссыздардың жеке есеп шотына аудару жолымен жүзеге асырылады. Еңбек және техника қауіпсіздігін сақтау бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал-сайман және жабдықтармен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады