Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес, Көктау ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Көктау ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Осы шешімге қосымша ұсынылған схемалық картаға сәйкес орналасқан Көктау ауылдық округінің келесі көшелеріне мынадай атаулар берілсін:
"Нұрлы көш" көшесі;
Абай көшесі;
Ленин көшесі;
Гагарин көшесі.
2. Осы шешімге қосымша ұсынылған схемалық картаға сәйкес орналасқан Көктау округінің құрылымдық бөліктеріне (қыстаулар) мынадай атаулар берілсін:
Жангелді қыстауы;
Талдысай қыстауы;
Жылан төбе қыстауы;
Көшенсай қыстауы.
3. Осы шешімнің орындалуы "Көктау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы А.И. Рсалинге тапсырылсын.
4. Шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көктау ауылдық | |
округінің әкімі | Б. Жұмағалеев |