"2012 жылғы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау туралы кейбір мәселелер жөнінде" облыс әкімдігінің 2012 жылғы 11 маусымдағы N 180 қаулысына өзгерту енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қазандағы N 323 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 07 қарашада N 2163 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2013 жылғы 03 мамырдағы N 122 қаулысымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 03.05.2013 N 122 қаулысымен
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы N 221 "Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 11 маусымдағы "2012 жылғы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау туралы кейбір мәселелер жөнінде" N 180 қаулысына (2012 жылдың 15 маусымдағы N 2095 нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген және 2012 жылдың 19 маусымындағы "Жетісу" мен "Огни Алатау" газеттерінің N 69 сандарында жарияланған) төмендегідей өзгеру енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 3-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Досымбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының әкімі                     А. Мұсаханов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  Мамытбеков Асылжан Сарыбайұлы
      24 қазан 2012 жыл

Облыс әкімдігінің 2012 жылғы
24 қазандағы N 323 қаулысына
қосымша

Облыс әкімдігінің 2012 жылғы
11 маусымдағы "2012 жылғы
өсімдік шаруашылығы өнімінің
шығымдылығы және сапасын
арттыруды субсидиялау туралы
кейбір мәселелер жөнінде"
N 180 қаулысына 3-қосымша

2012 жылға аудандар бойынша бөлінген қаражат

N

Аудандар мен қалалар

Барлық бөлінген көлем,
мың теңге

1

Ақсу

93482,0

2

Алакөл

80435,2

3

Балқаш

138172,8

4

Еңбекшіқазақ

111206,8

5

Ескелді

97687,4

6

Жамбыл

37514,4

7

Іле

76757,8

8

Қарасай

24867,1

9

Қаратал

96676,9

10

Кербұлақ

28992,4

11

Көксу

102808,8

12

Панфилов

72845,2

13

Райымбек

14780,0

14

Сарқан

94199,1

15

Талғар

42543,0

16

Ұйғыр

25110,9

17

Қапшағай қаласы

52096,7

18

Талдықорған қаласы

8415,1

19

Текелі қаласы

642,4

Облыс бойынша барлығы

1199234,0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады