Талдықорған қалалық мәслихатына N 15 сайлау округі бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру және Талдықорған қалалық мәслихатына N 15 сайлау округі бойынша кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 10 қазандағы N 30-1060 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 25 қазанда N 2156 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 26 маусымдағы N 12-640 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 26.06.2013 N 12-640 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабы 4, 6-тармақтарына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Талдықорған қалалық мәслихатына N 15 сайлау округі бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін 1-қосымшаға сәйкес шарттық негізде үй-жай берілсін.
      2. Талдықорған қалалық сайлау комиссиясымен (Дәулет Әбдібекұлы Жүнісов келісім бойынша) бірлесіп, Талдықорған қалалық мәслихатына N 15 сайлау округі бойынша кандидаттар үшін 2-қосымшаға сәйкес үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгіленсін.
      3. "Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Малдыбай Молдабайұлы Қалиев) Талдықорған қалалық мәслихатына N 15 сайлау округі бойынша кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға орын және стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қайрат Найманбайұлы Бұлдыбаевқа және аппарат жетекшісі Алмас Қабдулұлы Әділге жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Е. Алпысов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Талдықорған қалалық сайлау
      комиссиясының төрағасы                     Дәулет Әбдібекұлы Жүнісов
      10 қазан 2012 жыл

Қала әкімдігінің 2012 жылғы
10 қазандағы "Талдықорған қалалық
мәслихатына N 15 сайлау округі
бойынша кандидаттарға сайлаушылармен
кездесуі үшін шарттық негізде
үй-жай беру және Талдықорған
қалалық мәслихатына N 15 сайлау
округі бойынша кандидаттар үшін
үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орын белгілеу
туралы" N 30-1060 қаулысына
1-қосымша

Талдықорған қалалық мәслихатына N 15 сайлау округі бойынша
кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде
берілетін
ҮЙ-ЖАЙЫ

      1. Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы, Әбіл Тұңгатов көшесі, 18 N 21 орта мектебінің мәжіліс залы.
      2. Талдықорған қаласы, Еңбек ауылы, Талапкер көшесі, 1 клуб-кітапханасы.

Қала әкімдігінің 2012 жылғы
10 қазандағы "Талдықорған қалалық
мәслихатына N 15 сайлау округі
бойынша кандидаттарға сайлаушылармен
кездесуі үшін шарттық негізде
үй-жай беру және Талдықорған
қалалық мәслихатына N 15 сайлау
округі бойынша кандидаттар үшін
үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орын белгілеу
туралы" N 30-1060 қаулысына
2-қосымша

Талдықорған қалалық мәслихатына N 15 сайлау округі бойынша
кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін
ОРНЫ

      1. Талдықорған қаласы, Өтенай ауылындағы Тілек Әбжалиев көшесі, 34 Мәдениет үйі аумағында тақта орнату.
      2. Талдықорған қаласы, Өтенай ауылындағы Әбіл Тұңғатов көшесі, 18 N 21 орта мектебі аумағында тақта орнату.
      3. Талдықорған қаласы, Еңбек ауылындағы Панфилов көшесі, 1 N 22 орта мектебі аумағында тақта орнату.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады