Талдықорған қаласының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 қарашадағы N 91 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 12 желтоқсанда N 2239 . Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2014 жылғы 15 қазандағы № 268 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 15.10.2014 № 268 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына отын сатып алу үшін 2012 жылдың бюджет қаражаты есебінен бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Талдықорған қалалық мәслихатының 2008 жылғы 14 сәуірдегі "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 23 мамырда N 2-1-82 тіркелген, 2008 жылғы 04 маусымда N 23 "Талдықорған" газетінде жарияланған) N 48 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың "Әлеуметтік қорғау, заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтары және қоршаған ортаны қорғау мәселесі жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс 14 сессияның
      төрағасы, қалалық
      мәслихаттың хатшысы                        М.Д. Бопазов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Талдықорған қаласының
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы міндетін атқарушы                  Анет Мырзаханұлы Ушакпаев
      21 қараша 2012 жыл

      "Талдықорған қаласының қаржы
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Мадина Айтқазықызы Ибрагимова
      21 қараша 2012 жыл 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады