Алакөл ауданында интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 29 қазандағы N 10-376 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 19 қарашада N 2194 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 99 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 16.04.2021 № 99 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-6) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Меншік құқығына қарамастан, Алакөл ауданының ұйымдары мен мекемелерінде, интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін, жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Салтанат Дәулетханқызы Меңлібаеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

Ә. Жақанбаев

КЕЛІСІЛДІ:


"Алакөл аудандық жұмыспен


қамту және әлеуметтік


бағдарламалар бөлімі"


мемлекеттік мекемесінің


бастығы

Қосантаева Лязат


      29 қазан 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады