Алакөл ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 05 желтоқсандағы N 10-2 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 11 желтоқсанда N 2225 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі № 6-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 20.07.2013 № 6-4 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алакөл ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, және ветеринария мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
      2. Алакөл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі "Алакөл ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес пайыз жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" (Алматы облыстық Әділет департаментінде 2012 жылдың 19 сәуірінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2-5-171 болып енгізілген, 2012 жылдың 9 маусымында N 23(7496) аудандық "Алакөл" газетінде жарияланған) N 3-6 шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Экономика, заңдылықты сақтау және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына" жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Дюсебаева Ұ.Б.
      Мәслихат хатшысы Сейрбаев Б.Т.
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Алакөл аудандық экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      бөлімі мемлекеттік
      мекемесінің бастығы Бекболатов Сатай Нұрмұхашұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады