Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2012.12.05 N 10-2 Шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 4-тармағына және Алакөл ауданы әкімінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі N 72-02-14/474 ұсынысына сәйкес Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алакөл ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес пайыз жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "экономика, заңдылықты сақтау және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына" жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Байбазаров С.М.
Мәслихат хатшысы Сейрбаев Б.Т.
КЕЛІСІЛДІ:
"Алакөл аудандық экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Бекболатов Сатай Нұрмұхашұлы
13 сәуір 2012 жыл