Аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 2012 жылғы 31 шілдедегі N 7-43 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Балқаш ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 17 тамызда N 2-6-100 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 2013 жылғы 17 қыркүйектегі N 23-98 шешімімен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 17.09.2013  N 23-98 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбір мәселелері туралы" N 512 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" N 2314 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы N 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Балқаш ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Балқаш ауданы мәслихатының 2010 жылғы 19 сәуірдегі "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшерiн және тәртiбiн айқындау туралы" N 30-160 (Алматы облыстық Әділет департаментінде 2010 жылдың 28 мамырындағы 2-6-71 нөмірімен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тiркеу Тiзiлiмiнде тіркелген, 2010 жылғы 19 маусымдағы "Балқаш өңірі" газетiнің N 26 нөмірінде жарияланған) шешiмінің күшi жойылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Жұмыспен қамту, қоғамдық ұйымдармен байланыс,мәдениет, білім, заңдылық, денсаулық сақтау және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       М. Қосаев

      Балқаш аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        М. Қамаубаев

      КЕЛІСІЛГЕН:

      "Балқаш ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Құтпанбетов Азат Үкітайұлы
      31 шілде 2012 жыл

Балқаш ауданы мәслихатының
2012 жылғы 31 шілдедегі
"Аз қамтамасыз етiлген
отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегiн көрсетудiң
мөлшерiн және тәртiбiн
айқындау туралы" N 7-43
шешiмiне қосымша

Аз қамтамасыз етiлген отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi және тәртiбi

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбір мәселелері туралы" N 512 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" N 2314 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы N 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзiрлендi.

Жалпы ереже

      1. Осы тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi және тәртiбiнде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорының жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      өтiнiш берушi – тұрғындық көмектi тағайындату үшiн отбасы атынан өтiнiш беретiн адам;
      кондоминиум объектiсiн басқару органы – кондоминиум объектiсiн күтiп ұстау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      уәкiлеттi орган – жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын тұрғын үй көмегiн тағайындауды және төлемдi жүзеге асыратын аудандық жергiлiктi атқарушы органы;
      учаскелiк комиссия – тұрғын үй көмегін сұраған отбасылардың (азаматтардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия.
      тұрғын үйді "тұрғын ғимаратты" күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар.
      2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын және тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (жалға алушылары) болып табылатын аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
      коммуналдық қызметтердi тұтынуға;
      байланыс саласындағы заңнамада белгiленген тәртiппен телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына ақы төлеуге берiледi.
      Аз қамтамасыз етiлген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      3. Белгiленген нормадан артық тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтыну төлемiн азаматтар жалпы негiздер бойынша төлейдi.
      Отбасының бiр айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығындардың рұқсат етiлген шектi деңгейi отбасы табысының он пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
      Тұрғын үй көмегi тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтердi тұтынуға, телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiнiң, тұрғын үйдi жалға алу төлемақысының өтемақы төлемдерiн қамтамасыз ететiн нормалар шегiнде нақты ақы төлеу шығындары жиынтық табысының 10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда тағайындалады.
      Күтiмге мұқтаж деп танылған бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектерге күтiм жасайтын немесе үш жасқа дейiнгi балаларды тәрбиелеумен айналысатындарды қоспағанда, күндiзгi бөлiмде оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын, жұмыс iстемейтiн және жұмыссыз ретiнде уәкiлеттi органда тiркелмеген еңбекке қабiлеттi тұлғалары бар аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.
      Егер өтiнiш берушi толық емес немесе шындыққа сай келмейтiн мәлiметтерiн берген жағдайда тұрғын үй көмегiне ұсынылған құжаттар қабылданбайды.

Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерiн және тәртiбiн айқындау

      4. Тұрғын үй көмегi тағайындалады - Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және тұрып қайту рұқсаты бар азаматтығы жоқ тұлғаларға.
      5. Жергiлiктi жылумен жылытылатын жекеменшiк үй құрылыстарында тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегi жылыту маусымына тағайындалады. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн есептеу мерзiмi өтiнiшiмен қоса барлық қажеттi құжаттарды өткiзген жылдың тоқсаны болып саналады.
      Қайталанған өтiнiш кезiнде тұрғын үй көмегi ағымдағы тоқсанда құжаттарды ұсыну мерзiмiнен тәуелсiз тоқсанға тағайындалады.
      Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын үйi (пәтерлер, тұрғын үйлер) бар немесе тұрғын жайды жалға немесе пайдалануға берушi аз қамтамасыз етiлген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi берiлмейдi.
      6. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн азамат (отбасы) өтiнiшi мен қоса уәкiлеттi органға немесе ауылдық округтiң әкiмiне келесі құжаттарды ұсынады:
      1) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi.
      2) тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттың көшiрмесi (тұрғын үй аумағының көлемi, бөлме саны көрсетiлген жекешелендiру, сыйға тарту, сату - сатып алу, жалға беру келiсiмшарты).
      3) отбасының тұрғылықты жерiн растайтын құжаттың көшiрмесi (азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi немесе мекен-жай бюросының анықтамасы).
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар (тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш жасардың алдындағы үш айдағы отбасының еңбекпен тапқан табысы, зейнетақысы, жәрдемақысы, алименттер, жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыстары, өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға).
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар.
      6) коммуналдық қызметтердi тұтыну шоттары, телекоммуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шот немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың көшірмесі.
      7) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоты.
      8) жекеменшiгiнде бiр үйден басқа үйi жоқ екендiгi туралы анықтама, жылына бiр рет ұсынылады.
      Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, одан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
      7. Тұрғындық көмектi төлеу және тағайындау бойынша уәкiлеттi органы жоқ болған жағдайда өтiнiш берушi тұрғылықты мекен-жайы бойынша құжаттарды ауылдық округтiң, кенттiң, ауылдың әкiмiне өткiзедi.
      8. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе ауылдық округтiң әкiмiнiң атынан өтiнiшiмен оған қосымша құжаттармен және учаскелік комиссиялардың қорытындыларымен бірге өтініштерді қабылдайды, оларды қабылдаған күннен бастап отыз күн iшiнде қарайды және тұрғын үй көмегiн тағайындау немесе тағайындамау туралы есеп жүргiзедi.
      9. Тұрғын үй көмегiн алушылар он бес күн мерзiмде уәкілетті органды көмек мөлшерiнiң өзгеруi үшiн негiз болатын немесе алуға әсер ететiн мән-жайлар туралы хабардар етедi.
      Өтiнiш берушi тұрғын үй көмегiнiң мөлшерiне әсер ететiн мән-жайлар туралы хабарламаған жағдайда, қайта есептеу келесi тоқсанда жүргiзiледi (анықталған уақыттан).
      Артық төленген сомалар ерiктi түрде, ал бас тартылған жағдайда – сот тәртiбiмен қайтарылуға тиiс.
      10. Тұрғын үй көмегiн тағайындау және төлеу бойынша уәкiлеттi орган немесе кенттiң әкiмi, ауыл, ауылдық (селолық) округтiң әкiмi құжаттардың көшiрмелерiн тексерiп, оларды тiркеуден өткiзедi және өтiнiш берушiге құжаттарын қабылдағаны жөнiндегi растайтын құжат берiледi.
      11. Кенттің әкімі, ауыл, ауылдық (селолық) округтiң әкiмi өтiнiш берушiнiң құжаттарын тұрғындық көмектi төлеу және тағайындау туралы өтiнiш берушiден құжаттарды қабылдаған күннен он күн мерзiмнен кешiктiрмей уәкiлеттi органға өткiзедi.
      12. Өтемақы төлемдерiмен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үйлер аумағының нормалары заңнамамен белгiленген отбасының әр мүшесiне тұрғын үй беру нормаларына баламалы.
      13. Тұрғын үй көмегiн есептегенде келесi нормалар қабылданады:
      1) электр энергиясын қолдану: 1 адамға – 70 киловатт, 2 адамға – 140 киловатт, 3 адамға және одан көп адамнан тұратын отбасына – 210 киловатт.
      2) суық су, ыстық су – әр отбасы мүшесіне, су өлшеуіш болған жағдайда, көрсеткішке байланысты төленеді.
      3) қатты отынды қолданатындарға:
      пеш жағатын тұрғын үйлерге – бір жылыту мерзіміне үш тонна көмір от жағу кезеңіне.
      4) қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару – ай сайын әр отбасы мүшесіне.
      5) газ тұтыну - бір отбасына айына бір кішкене (10 килограмм) газ баллон.
      6) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған нысаналы жарнаның мөлшерi туралы шотын.
      14. Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің тарифтерін қызмет көрсетушілер және көмiрдiң бағасын аудандық қызмет көрсету мекемелері ұсынады.
      15. Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган жергілікті өкілді органдар айқындаған тәртіппен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

Қорытынды

      16. Осы тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi және тәртiбiмен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады