Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 10.02.2014 N 29-191 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 422-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы қаңтардағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15)-тармақшасына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкалары 2012-2013 жылдарға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлібек Пернебайұлы Сарсеновқа және аудандық мәслихаттың "Экономикалық реформа, бюджет, тарифтік саясат, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту" жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Б.Б. Досмухамбет
Мәслихат хатшысы Б.Б. Қазиев
КЕЛІСІЛДІ:
Жамбыл ауданы бойынша
салық басқармасының
бастығы Серікбаева Раушан Төленқызы
26 наурыз 2012 жыл
Жамбыл аудандық мәслихатының
2012 жылғы 26 наурыздағы
"Жамбыл ауданы бойынша бірыңғай
тіркелген салық ставкаларын
2012-2013 жылдарға белгілеу
туралы" N 4-45 шешіміне
қосымша
Жамбыл ауданы бойынша 2012-2013 жылдарға арналған бірыңғай
тіркелген салық ставкасының мөлшері:
Рет |
Салық салу объектісінің |
Жамбыл ауданы бойынша айына |
1 |
2 |
4 |
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге |
1,7 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың |
3,2 |
3 |
Ойын өткізу үшін |
1,7 |
4 |
Ойын жолы |
5 |
5 |
Карт |
2 |
6 |
Бильярд үстелі |
8,7 |