Шиен селолық округіне қарасты Шиен, Қоғамшыл ауылдарындағы көшелерге ат қою туралы

Жаңа

Алматы облысы Жамбыл ауданы Шиен селолық округі әкімінің 2012 жылғы 20 тамыздағы N 8-5 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 19 қыркүйекте N 2124 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі және Шиен селолық округі халқының пікірін ескере отырып, Шиен селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Шиен селолық округіне қарасты Шиен ауылында орналасқан жаңа көшелерге: бірінші көшеге - Алатау, екінші көшеге - Жастар, үшінші көшеге - Болашақ, төртінші көшеге - Бұлақ, бесінші көшеге - Жиренайғыр, алтыншы көшеге - Тәуелсіздік, жетінші көшеге - Суықтөбе, сегізінші көшеге - Жетісу аты берілсін.
      2. Шиен селолық округіне қарасты Қоғамшыл ауылында орналасқан жаңа көшелерге: бірінші көшеге - Желтоқсан, екінші көшеге - Ынтымақ, үшінші көшеге - Кеңсай аты берілсін.
      3. Шиен селолық округіне қарасты Шиен ауылында орналасқан ескі көшелерге: бірінші көшеге - Жамбыл Жабаев, екінші көшеге - Жайлаубай Иманбаев, үшінші көшеге - Өтеп Итенов, төртінші көшеге - Бауыржан Момышұлы, бесінші көшеге - Тоқаш Бокин, алтыншы көшеге - Тайторы, жетінші көшеге - Садабай Нұрлыбаев, сегізінші көшеге - Бесторсық, тоғызыншы көшеге - Әбдіғұл Смағұлов, оныншы көшеге - Мақатай Қырбасов, он бірінші көшеге - Әліпбай Жазықбаев, он екінші көшеге - Әбдіқайым Ахметов, он үшінші көшеге - Мектеп, он төртінші көшеге - Ақбұлақ, он бесінші көшеге - Бірлік аты берілсін.
      4. Шиен селолық округіне қарасты Қоғамшыл ауылында орналасқан ескі көшеге Бейбітшілік атауы берілсін.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шиен селолық округі әкімі аппаратының бас маманы Нұрұмкүл Бұлғақоваға жүктелсін.
      6. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шиен селолық
      округінің әкімі                            Ә. Байсариев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады