Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 сәуірдегі "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" N 6-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы мәслихатының 2012 жылғы 06 қыркүйектегі N 10-2 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 10 қазанда N 2143 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 47-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 27.05.2015 № 47-4 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21–бабына сәйкес Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19-сәуірдегі "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" N 6-2 шешіміне (мемлекеттік тіркеу N 2-8-198, 2012 жылғы 22 мамыр, жарияланды "Еңбекшіқазақ" газеті N 24, 2012 жылғы 08 маусым) келесі өзгерістер енгізілсін:
      Тақырыбы келесі редакцияда баяндалсын:
      "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы".
      Бірінші тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
      "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Әлеуметтік сала, білім, мәдениет және ұлтаралық қатынастар жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
      10-сессиясының төрағасы Н. Қойайдаров
      Аудандық мәслихат хатшысы Ә. Талқамбаев
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Еңбекшіқазақ ауданының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы Жәкеев Ермек Ильянұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады