Ескелді ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2012 жылғы 17 сәуірдегі N 5-27 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Ескелді ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 22 мамырда 2-9-137 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 46-250 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 12.12.2014 № 46-250 шешімімен.

      Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2012.09.06 N 12-64 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес және Ескелді ауданы әкімінің 2012 жылғы 17 сәуірдегі N 85-01-85-18/212 ұсыныс хаты негізінде, Ескелді ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ескелді ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2012.09.06 N 12-64 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет саласы және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясына (М.Ә. Қарасаев) жүктелсін.
      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Cессия төрағасы                            Ж.А. Нұрманбетов

      Мәслихат хатшысы                           Қ. Тастанбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудандық экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      бөлімінің бастығы                          Әлімбаев Серік Мұратұлы
      17 сәуір 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады