Ескелді ауданы мәслихатының 2012 жылғы 17 сәуірдегі N 5-27 "Ескелді ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент мөлшерінде жоғарылатылған тарифтік ставкалар белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ескелді ауданы мәслихатының 2012 жылғы 06 қыркүйектегі N 12-64 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 05 қазанда N 2142 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 46-250 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 12.12.2014 № 46-250 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21–бабына сәйкес Ескелді ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ескелді ауданы мәслихатының 2012 жылғы 17 сәуірдегі "Ескелді ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент мөлшерінде жоғарылатылған тарифтік ставкалар белгілеу туралы" N 5-27 шешіміне (2012 жылдың 22 мамырдағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2-9-137 енгізілген, 2012 жылдың 8 маусымында аудандық "Жетісу шұғыласы" газетінің N 23 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      Тақырыбы келесі редакцияда баяндалсын:
      "Ескелді ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы".
      Бірінші тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
      "Ескелді ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Халықты әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет саласы және жастар ісі жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Cессия төрағасы                            Р. Абдуллин

      Мәслихат хатшысы                           Қ. Тастанбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудандық экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      бөлімінің бастығы                          Әлімбаев Серік Мұратұлы
      06 қыркүйек 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады