Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына отын сатып алу үшін 2012 жылы әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 тамыздағы N 10-54 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Ескелді ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 24 тамызда 2-9-141 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 18-107 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 26.04.2013 № 18-107 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1–тармағының 15)-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Ескелді ауданының маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына отын сатып алу үшін 2012 жылдың бюджет қаражаты есебінен 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан мәслихатының халықты әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет саласы және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Cессия төрағасы                            С.М. Сарыев

      Мәслихат хатшысы                           Қ. Тастанбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Ескелді аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                          Есболған Есенбайұлы Тұрсынбаев
      13 тамыз 2012 жыл

      Ескелді аудандық қаржы
      бөлімінің бастығы                          Гүлмира Мұқатайқызы Бейсеқұлова
      13 тамыз 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады