Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 29 ақпандағы N 2-248 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Іле ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 19 наурызда N 2-10-155 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 11-2306 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 31.12.2013 № 11-2306 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы " Заңының 20-бабына сәйкес және Ұлы Отан соғысының қатысушыларын, мүгедектерін қосымша әлеуметтік қолдау мақсатында Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне әлеуметтік қорғау жөнінде тұрғын үй коммуналдық қызметтеріне айына бір рет 45 киловатт электр қуатының сыйымдылығы 27 литрлік 1 газ балонының құнын, ал орталықтандырылған жылу жүйесі жоқ үйлерде нарықтық баға бойынша жылына бір рет 1 тонна көмірдің құнын материалдық көмек ретінде қосымша шаралар белгіленсін.
      2. Әлеуметтік көмекті тағайындауға және төлеуге уәкілетті орган болып "Іле ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі айқындалсын.
      3. "Іле ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Құматаев Нұрлан Орынбасарұлына көмек алушының тұрғылықты жері бойынша екінші деңгейдегі банк филиалы және осы операциялардың түрлерін жүзеге асыратын рұқсаты бар басқа да мекемелердегі ашылған есеп шотына төлемдерді аудару арқылы төленуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ерболат Сапарұлы Тұрымбетовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                                Б. Абдулаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Іле ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы
      29 ақпан 2012 жыл

      "Іле ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Кәдір Асқар Кәдірұлы
      29 ақпан 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады