Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 28.10.2013 № 24-114 шешімімен. және Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 25.10.2013 N 9-1890 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес Іле аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Іле ауданы елді мекендерінің шекаралары (шегі) ұсынылған схемалық карталарға сәйкес өзгертілсін:
1) Междуреченск ауылдық округінің Екпенді ауылына жалпы көлемі 105,0 гектар жер қосылсын;
2) Боралдай кенттік округінің Боралдай кентіне жалпы көлемі 240,0 гектар жер қосылсын;
3) Күрті ауылдық округінің Ақши ауылына жалпы көлемі 60,0 гектар жер қосылсын;
4) Қараой ауылдық округінің Қараой ауылына жалпы көлемі 40,0 гектар, Нұрғиса Тлендиев ауылына жалпы көлемі 112,0 гектар, Қосөзен ауылына жалпы көлемі 520,0 гектар жер қосылсын;
5) Байсерке ауылдық округінің Жаңаталап ауылына жалпы көлемі 66,0 гектар, Жаңадәуір ауылына жалпы көлемі 28,0 гектар, Ынтымақ ауылына жалпы көлемі 115,0 гектар, Әли ауылына жалпы көлемі 42,5 гектар, Байсерке ауылына жалпы көлемі 30,0 гектар жер қосылсын;
6) Чапаев ауылдық округінің Чапаев ауылына жалпы көлемі 166,4 гектар жер қосылсын;
7) Жетіген ауылдық округінің Жетіген ауылына жалпы көлемі 906,0 гектар, Еңбек ауылына жалпы көлемі 20,0 гектар, Құйған ауылына жалпы көлемі 20,0 гектар, Жаңаарна ауылына жалпы көлемі 28,0 гектар жер қосылсын;
8) Первомай кенттік округінің Первомай кентіне жалпы көлемі 26,4 гектар, Қоянқұс ауылына жалпы көлемі 5,0 гектар жер қосылсын;
9) Ащыбұлақ ауылдық округінің Көкқайнар ауылына жалпы көлемі 476,4 гектар, Жәпек батыр ауылына жалпы көлемі 105,0 гектар, Мұхаметжан Түймебаев ауылына жалпы аумағы 131,0 гектар жер қосылсын;
10) Казцик ауылдық округінің Комсомол ауылына жалпы көлемі 200,0 гектар жер қосылсын;
2. Осы аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихат шешімінің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасарына (Файль Виктор Александровичке) жүктелсін.
3. Осы аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихат шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б.Е. Абдулдаев
Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы Б.Ә. Сүлейменова
Аудандық мәслихат хатшысы Ф.К. Ыдрышева
КЕЛІСІЛДІ:
"Іле аудандық жер қатынастары
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Әшіров Қайрат Бердығұлұлы
18 сәуір 2012 жыл
"Іле аудандық сәулет және
қала құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Отыншиев Қуаныш Еділбайұлы
18 сәуір 2012 жыл