Іле ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 15 маусымдағы N 5-553 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаменті Іле ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 27 маусымда N 2-10-164 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 07 желтоқсандағы N 11-1219 қаулысымен

      Күші жойылды - Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2012.12.07 N 11-1219 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағы 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-5) және 5-6) тармақшасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Іле ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін, жұмыс орындарының жалпы санынан үш процент мөлшерде жұмыс орындарынан квота белгіленсін.
      2. "Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы) және "Іле аудандық жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесі (Тлеубердин Болат Дүйсенұлы) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған бітірушілеріне белгіленген квота бойынша бос жұмыс орындарына жолдаманы қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасарына Тұрымбетов Ерболат Сапарұлына жүктелсiн.
      4. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б. Абдулдаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Іле аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      мемлекеттік мекемесінің
      бағдарламалар бөлімі"                      бастығы Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы
      15 маусым 2012 жыл

      "Іле аудандық жұмыспен
      қамту орталығы" мемлекеттік
      мекемесінің директоры                      Тлеубердин Болат Дүйсенұлы
      15 маусым 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады