Іле ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 07 желтоқсандағы N 11-1219 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 26 желтоқсанда 2254 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 шілдедегі № 286 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 21.07.2016 № 286 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы, 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Іле ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бес пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 12.05.2014 N 5-410 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. "Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы) және "Іле аудандық жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесі (Жакашев Еркін Абылханұлы) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарға белгіленген квота бойынша бос жұмыс орындарына жолдамамен қамтамасыз ету.
      3. Іле ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 15 маусымдағы "Іле ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 5-553 қаулының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылдың 27 маусымдағы N 2-10-164 нөмірімен енгізілген, 2012 жылғы 13 шілдеде N 28 "Іле таңы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары Тұрымбетов Ерболат Сапарұлына жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Абдулдаев
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Іле аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы
      "Іле аудандық жұмыспен
      қамту орталығы" мемлекеттік
      мекемесінің директоры Джакашев Еркін Абылханұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады