Чапаев ауылы Селекцентр ықшам ауданының жаңа көшелеріне ат қою туралы

Жаңа

Алматы облысы Іле ауданы Чапаев ауылы әкімінің 2012 жылғы 03 қазандағы N 3 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 05 қарашада N 2161 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Іле аудандық тіл және қоғамдық ономастика кеңесінің келісімі, сондай-ақ ауыл халқының пікірін ескере отырып, Чапаев ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Чапаев ауылы Селекцентр ықшам ауданының оңтүстігінде орналасқан жаңа көшелерге "Тәуелсіздік", "Жастар", "Ынтымақ", "Достық", "Алатау", "Ақ бұлақ", "Рахат", "Шұғыла", "Тың дала" аттары қойылсын.
      2. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау Чапаев ауылы әкімінің орынбасары Сакипова Гүлжан Рамазанқызына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Чапаев ауылының әкімі                      Д. Қоңырбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады