Қарасай ауданының ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент мөлшерінде жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 05 желтоқсандағы N 13-4 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 14 желтоқсанда N 2248 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қарашадағы № 36-5 шешімімен

      Күші жойылды – Алматы облыстық Қарасай аудандық мәслихатының 24.11.2014 № 36-5 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарасай ауданының ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент мөлшерінде жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Бюджет, қаржы, әлеуметтік экономикалық даму, нарықтық құрылымдарды, экономика мен кәсіпкерлікті қалыптастыру жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасай аудандық
      мәслихатының сессия төрағасы Қ. Тұрысбеков
      Қарасай аудандық
      мәслихатының хатшысы Е. Қалиев
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қарасай ауданының Экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы Хамитов Азат Нұрхасенұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады