Кербұлақ ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2012 жылғы 26 наурыздағы N 04-22 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Кербұлақ ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 25 сәуірде N 2-13-156 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 мамырдағы № 43-251 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 13.05.2015 № 43-251 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2012.11.09 N 11-73 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 4-тармағына және Кербұлақ ауданы әкімінің 2012 жылғы 11 наурыздағы N 01-286 ұсынысына сәйкес Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Кербұлақ ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2012.11.09 N 11-73 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың аудан экономикасы мен бюджеті, салық, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, коммуналдық шаруашылық, көріктендіру және халыққа қызмет көрсету жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихатының
      сессия төрайымы Сәуле Молданазарқызы Шуақова
      Кербұлақ аудандық
      мәслихатының хатшысы Есенбай Әбдірахманұлы Сұраншынов
      КЕЛІСІЛДІ:
      Кербұлақ ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      бөлімінің бастығы Шалқыбай Молдахметұлы Төлегенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады