РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21 бабына сәйкес Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кербұлақ аудандық мәслихатының 2012 жылдың 26 наурыздағы "Кербұлақ ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес пайыз жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" N 04-22 шешіміне (2012 жылдың 25 сәуірінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2-13-156 енгізілген, 2012 жылдың 4 мамырындағы аудандық "Кербұлақ жұлдызы" газетінің N 18 (3611) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Тақырыбы келесі редакцияда баяндалсын:
"Кербұлақ ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы".
Бірінші тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
"Кербұлақ ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін".
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудандық мәслихатының аудан экономикасы мен бюджеті, салық, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, коммуналдық шаруашылық, көріктендіру және халыққа қызмет көрсету жөніндегі тұрақты комиссиясына және аудан әкімінің бірінші орынбасары Б. Исабековке жүктелсін.
3. Осы шешіммен енгізілген толықтыру әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, 2013 жылдың 01 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихатының | |
сессия төрайымы | Бақытбек Сансызбайұлы Есімов |
Кербұлақ аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Есенбай Әбдірахманұлы Сұраншынов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Кербұлақ ауданының экономика | |
және бюджеттік жоспарлау | |
бөлімінің бастығы | Шалқыбай Молдахметұлы Төлегенов |