Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 10.12.2019 № 52-296 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.
2. Кербұлақ аудандық мәслихатының 2012 жылдың 26 наурыздағы "Кербұлақ ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес пайыз жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" № 04-22 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылдың 25 сәуірінде № 2-13-156 тіркелген, 2012 жылдың 4 мамырында аудандық "Кербұлақ жұлдызы" газетінің № 18 (3611) жарияланған) шешімінің, Кербұлақ аудандық мәслихатының 2012 жылдың 9 қарашадағы "Кербұлақ аудандық мәслихатының 2012 жылдың 26 наурыздағы № 04-22 "Кербұлақ ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 11-73 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылдың 30 қарашасында № 2205 тіркелген, 2012 жылдың 7 желтоқсанында аудандық "Кербұлақ жұлдызы" газетінің № 49 (3642) жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Кербұлақ ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Ш. М. Төлегенов) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Аудан экономикасы мен бюджеті, салық, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, коммуналдық шаруашылық, көгалдандыру және халыққа қызмет көрсету жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекетік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Қ. Толыбаев |
Мәслихат хатшысы | Е. Сұраншынов |