Көксу ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын 2015 -2017 жылдарға белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы N 38-2 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментімен 2015 жылы 13 қаңтарда N 2994 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 06 мамырдағы № 41-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 06.05.2015 № 41-8 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 422-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Көксу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2015-2017 жылдарға қызметін Көксу ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Көксу ауданы мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 3-7 "Көксу ауданы бойынша барлық салық төлеушілер үшін 2012-2014 жылдарға арналған бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" (2012 жылдың 16 мамырдағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2-14-129 тіркелген, 2012 жылғы 1 маусымдағы № 22(131) аудандық "Нұрлы Көксу" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Ауданның экономикалық дамуы, жергілікті бюджет, табиғатты қорғау және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан мәслихаты
      сессиясының төрағасы М.Тастанов
      Аудан мәслихатының
      хатшысы Ә. Досымбеков

  Көксу ауданы мәслихатының
  2014 жылғы 19 желтоқсандағы
  "Көксу ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын
  2015-2017 жылдарға белгілеу туралы" № 38-2 шешіміне қосымша

2015-2017 жылдарға қызметін Көксу ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары

Рет №
Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген салықтың
базалық ставкаларының
мөлшері (айлық есептік
көрсеткіш)
1
2
3
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
1
2
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
3
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
1
4
Ойын жолы
5
5
Карт
2
6
Бильярд үстелі
3

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады