РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33–бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 05 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" № 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын анықтау, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырушыларды алдын-ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды Талғар ауданы, Талғар қаласы, Павлов көшесі № 22 а мекен-жайында орналасқан "Талғар қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Талғар қалалық және ауылдық округ әкімдері және ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгілеген мерзімде "Алматы облысы Талғар қаласы Қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімін берсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Садықова Райхан Нұрмырзақызына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талғар ауданының әкімі | Т. Өмірәлиев |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Талғар қаласының Қорғаныс | |
істері жөніндегі біріккен | |
бөлімі" мемлекеттік | |
мекемесінің бастығы | Азноварян Владимир Сумбатович |