Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 07 маусымдағы N 6-188 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Ұйғыр ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 27 маусымда N 2-19-137 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 15 тамыздағы шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2012.08.15 N  қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік қорғау мақсатында және жұмыспен қамтамасыз ету үшін Ұйғыр ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншік құқығына қарамастан Ұйғыр ауданының ұйымдары мен мекемелерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыз мөлшерінде квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                К. Омаров

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Ұйғыр ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Турсунжан Турдыбакиев
      07 маусым 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады