Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 22.06.2015 № 48-2 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 387 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 14), 15), тармақшаларына сәйкес Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Салық Кодексінің 378, 379, 381, 383-баптарында белгіленген жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары Ұйғыр ауданы бойынша 40 процентке жоғарлатылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, транспорт, құрылыс, байланыс, экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері" жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органынан мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Х.Имиров |
Аудандық мәслихатының | |
хатшысы | Н.Есжанов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Ұйғыр ауданы бойынша | |
салық басқармасы" | |
мемлекеттік мекемесінің | |
бастығы | Сауданбеков Айдын Тұрғанбекұлы |