Жамбыл ауданы Айша бибі селолық округінің шекарасын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 188 қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 7-7 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 қыркүйекте № 1824 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабының 2) тармақшасына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жамбыл ауданы Айша бибі селолық округінің әкімшілік шекарасына бұрынғы «Квант» бау-бақша серіктестігі» тұтыну кооперативінің аумағында орналасқан мемлекеттік жер қорынан жалпы көлемі 9,0 гектар жер қосылып, Айша бибі селолық округінің шекарасы өзгертілсін.
      2. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Облыс Әкімі                                Облыстық мәслихаттың
      Қ.БОЗЫМБАЕВ                                сессиясының төрағасы
                                                 А.Бекбауов

      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы
      Б.ҚАРАШОЛАҚОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады